Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шетелдік инвесторға бөтен компанияның қарызын төлетпек болған

kz.kursiv.media

Шетелдік инвесторға бөтен компанияның қарызын төлетпек болған

Ұлытау облысындағы «Үлкен Қытай» кенішінде иемір мен марганец өндіретін инвестициялық жоба бюрократия кесірінен тоқтап қала жаздаған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы компанияның қарызы жаңа швейцариялық инвесторға заңсыз жүктелмек болған. Іске прокуратура араласын әкімшілік кедергі жойылып, инвестордың құқықтары қалпына келтірілді.

«Сарыарка-IRON» ЖШС «Үлкен Қытай» кенішінде құны 2,5 млрд теңгелік темір-марганец кендерін өндіру жобасын қолға алған еді.

Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен инвесторға жер учаскесі қайтарылып, жер қойнауын пайдалану келісімшарты қалпына келтірілді.

Алайда бұрынғы компанияның 23 миллион теңге көлеміндегі салық берешегіне байланысты туындаған шектеу жер учаскесін толық көлемде рәсімдеуге мүмкіндік бермеді. Жаңа инвестордың бұл борышқа еш қатысы болмаса да, қарыз содан өндіріп алмақ болған.

«Сарыарка-IRON» ЖШС «Ринком» басқарушы компаниясына тиесілі, ал оның иесі — швейцариялық «Orjel E.R.Z. AG» компаниясы.

Бұған дейін миллионердің 1,3 млрд теңге инвестициялық жобасы тоқтап қала жаздаған.

Елорда прокуратурасыны жедел араласуы «Orbis Heavy Machinery» компаниясына 1,3 млрд теңге тұратын жобасын жалғастыруға көмектескен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар