Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан облысында биыл сегізінші үшем дүниеге келді

kz.kursiv.media

Түркістан облысында биыл сегізінші үшем дүниеге келді

Түркістан облысы, Тұрбат ауылында Аслиддин Шапахов пен Зиеде Сайдурасилдің отбасында үшем дүниеге келді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған Kursiv Media жазады.

Әкесі Аслиддин Шапахов 28 жаста, ал анасы Зиеде Сайдурасил 23 жаста. Ерлі-зайыптылар бұған дейін Тұрсынмұрод есімді ұл тәрбиелеп отырған. Үшем дүниеге келген соң отбасы көпбалалы отбасы мәртебесіне ие болды. Сәбилерге Хасан, Хусан және Усмон деген есім берілген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәрестелер жүктіліктің 33 аптасы 4 күнінде, мерзімінен бұрын туған. Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері ота жасап, босандырып алған. Анасы мен сәбилердің жағдайы тұрақталғаннан кейін үйіне шығарылды.

«Түркістан облыстық №1 перинаталдық орталығының дәрігерлері босану кезінде қажетті медициналық көмек көрсетті. Ауруханадан шыққаннан кейін жас ана мен үш сәби дәрігерлердің бақылауында болады», – деп хабарлады ведомство.

Бұған дейін жыл басынан бері облыста жеті үшем дүниеге келген еді.

Оқи отырыңыз: Алматыда бір айда екі үшем дүниеге келді

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар