Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Иорданиядағы шіркеуде атыс болып, 6 адам қаза тапты

kz.kursiv.media

Иорданиядағы шіркеуде атыс болып, 6 адам қаза тапты

Иорданияның Карак провинциясындағы шіркеуде белгісіз біреулер оқ жауып, салдарынан 6 адам қаза тапты, тағы 28-і жараланды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Al Jazeera басылымының хабарлауынша, шабуыл жерлеу рәсімі өтіп жатқан сәтте жасалған.

Куәгерлердің айтуынша, жерлеу процессиясы басталғанда алдымен жарылыс дауысы естілген. Одан кейін бетперде киген қарулы топ шіркеуге баса-көктеп кіріп, адамдарға оқ жаудырған. Шабуылшылар оқиға орнынан көлікпен қашып үлгерген.

Қазіргі уақытта оқиға орнына қауіпсіздік күштері тартылды. Құқық қорғау органдары шабуылдаушылардың ұсталған-ұсталмағаны туралы әлі хабарламады. Жауапкершілікті әзірге ешқандай топ өз мойнына алған жоқ.

Al Jazeera телеарнасы Иорданияда мұндай шабуылдардың өте сирек болатынын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы халықаралық әуежайға жасалған шабуылдан кемінде 12 адам қаза тауып, 309 адам жараланған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар