Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды
Астаналықтар бірқатар тұрғын үй кешендерінде электр жарығының өшуіне байланысты әлеуметтік желіде шағымданды. Алайда «Астана-РЭК» АҚ жарықты сөндіру алдын ала жоспарланғанын мәлімдеді.
Астана тұрғындары Threads әлеуметтік желісінде қаланың бірнеше ауданында жарықтың өшуіне шағымданды.
«Астананың барлық жерінде жарықтың өшуіне не себеп болды? Бұл Дженсен Хуангтың келуіне байланысты ма?» – деп жазды theospanov қолданушысы.
Еске салайық, 23 қазанда Қазақстанға Nvidia компаниясының бас директоры Дженсен Хуанг келген болатын.
Компания уақытша шектеулер туралы алдын ала ескерткенін мәлімдеді. «Астана-РЭК» АҚ төмендегі мекенжайлар бойынша электр қуатын уақытша тоқтатады.
09:00-ден 12:00-ге дейін:
13:00-ден 16:30-ға дейін:
09:00-ден 16:00-ге дейін:
09:00-ден 14:00-ге дейін:
08:30-дан 16:30-ға дейін:
Еске салайық, елордада қазан айынан бастап электр қуатының орташа тарифі өсуі мүмкін. Қазан айынан бастап орташа тариф 1 киловатт-сағат үшін 38,98 теңге деңгейінде болады. Бұл 1 шілдеден бастап қолданыста болған тарифтен 19,1%-ға жоғары.
- Соңғы
-
-
- Қазан, 23
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
24 қазан 2026