Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

9 айда Қазақстанда бензин қаншалықты қымбаттады

kz.kursiv.media

9 айда Қазақстанда бензин қаншалықты қымбаттады

2026 жылғы қыркүйекте Қазақстанда АИ-92 бензинінің орташа бағасы қаңтармен салыстырғанда 5,1%, АИ-95/96 — 3,3%, ал АИ-98 — 5,6% өскен. Қалалар арасында баға өсімі бензин маркасына қарай ерекшеленеді.

Ұлттық статистика бюросының қаңтар және қыркүйек айларындағы деректеріне сүйенсек, ел бойынша АИ-92 бензинінің бір литрі 235 теңгеден 247 теңгеге дейін қымбаттаған. Айырмасы — 12 теңге. АИ-95/96 бағасы 304 теңгеден 314 теңгеге көтерілсе, АИ-98 бензині 322 теңгеден 340 теңгеге жеткен.

2026 жылғы қаңтар және қыркүйек · теңге / литр

Ескерту:облыстар үшін аталған қалалардағы баға берілген.Бұл облыстың орташа бағасы емес.АИ-95 пен АИ-96 бастапқы кестеде біріктірілген.«—» — дерек жоқ.

Шкалалар барлық марка үшін бірдей: 0–400 ₸/л.Соңғы берілген дерек — 2026 жылғы қыркүйек.

Дереккөз:Ұлттық статистика бюросының пайдаланушы ұсынған«Т-15-03-М (01 2026) каз.xlsx» және«Т-15-03-М (09 2026) каз.xlsx» файлдары.

Салыстыруға дерек бар қалалар арасында АИ-92 бағасының ең жоғары өсімі Оралда тіркелген. Мұнда бензиннің бір литрі қаңтардағы 223 теңгеден қыркүйекте 243 теңгеге жеткен. Бұл — 20 теңге немесе 9% өсім.

Павлодарда АИ-92 бағасы 234 теңгеден 250 теңгеге дейін көтерілген — өсім 6,8%. Қызылордада литрі 236 теңгеден 250 теңгеге жетіп, 5,9% қымбаттаған.

Қыркүйекте АИ-92 бензинінің ең жоғары бағасы Алматы мен Талдықорғанда байқалған: литріне 252 теңге. Ең төмен баға Атырауда — 230 теңге. Осы қалалар арасындағы айырма — 22 теңге.

АИ-95/96 санатындағы бензин Оралда 285 теңгеден 303 теңгеге дейін қымбаттаған. Өсім — 6,3%. Көкшетау мен Қарағандыда баға 297 теңгеден 314 теңгеге көтерілген, яғни 5,7% өскен.

Қыркүйекте бұл санаттағы ең қымбат бензин Алматыда сатылған — литрі 324 теңге. Талдықорғанда баға 323 теңге, Қонаевта 322 теңге болған. Ақтөбе мен Атырауда ең төмен баға тіркелген — 293 теңге.

АИ-98 бензині бойынша ең үлкен өсім Ақтауда байқалған. Қаңтарда литрі 296 теңге болса, қыркүйекте 333 теңгеге жеткен. Баға 37 теңгеге немесе 12,5% көтерілген.

Қарағандыда АИ-98 бағасы 314 теңгеден 341 теңгеге дейін өсіп, 8,6% қымбаттаған. Ақтөбеде өсім 7,1% болған: литрі 322 теңгеден 345 теңгеге жеткен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар