Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Рыбакина Нинбо турнирінің жартылай финалына шықты

kz.kursiv.media

Рыбакина Нинбо турнирінің жартылай финалына шықты

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан Ningbo Open турнирінің ширек финалында поляк теннисішісі Катаржина Каваны (128-орын) 6:1, 3:6, 6:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Ол былтырғы чемпиондық атағын қорғауға бағыт алған отандасымыз жартылай финалға жолдама алды.

Матч 1 сағат 44 минутқа созылды. Тартысты өткен кездесудің бірінші және үшінші сеттерінде Рыбакина басым түссе, екінші партияда тәжірибелі қарсыласы есе қайырды.

Финалға шығу үшін Рыбакина ресейлік Диана Шнайдермен (13-орын) күш сынасады. Бұл – Еленаның 2026 жылғы маусымдағы жетінші жартылай финалы болмақ. Еске сала кетейік, былтыр бұл турнирде қазақстандық теннисші топ жарған еді.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтинг көшбасшысы мәртебесіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Оның қарсыласы ойынды жалғастырудан бас тартқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар