Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Республика күніне орай Нью-Йоркте Қазақстан туы көтерілді (видео)

kz.kursiv.media

Республика күніне орай Нью-Йоркте Қазақстан туы көтерілді (видео)

Нью-Йорк орталығында Республика күніне орай Қазақстан туы көтерілді деп жазады Kursiv Media. Оның видеосын жергілікті фотограф Аркен Аван инстаграм парақшасына жариялаған.

Қазақстанның мемлекеттік туын көтеру рәсімі 22 қазанда Нью-Йорктегі Уолл-стрит көшесінде ұйымдастырылды. Салтанатты рәсім әйгілі Charging Bull бұқасының мүсіні жанында өтті.

Туды көтеру рәсіміне Нью-Йоркте тұратын қазақстандықтар да жиналған. Олар бірге Қазақстанның әнұранын шырқады.

Бұл АҚШ-та өткізілген алғашқы рәсім емес. Бұған дейін 2024 және 2025 жылдары БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінің ұйымдастыруымен осындай шаралар өткізілген.

Осыған ұқсас шара Бельгия астанасы Брюссельде де ұйымдастырылды. Қазақстанның Республика күніне орай әйгілі «Маннекен Пис» мүсініне қазақтың ұлттық шапанын кигізілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар