Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайдың Тибет аймағында 7 балдық жер сілкінісі болып, 16 адам қаза тапты

kz.kursiv.media

Қытайдың Тибет аймағында 7 балдық жер сілкінісі болып, 16 адам қаза тапты

22 қазанда Қытайдың Тибет аймағында магнитудасы 7-ге жеткен жер сілкінісі болды. Салдарынан кемінде 16 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы Қытайдың «Синьхуа» мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады деп жазады Kursiv Media.

Жер сілкінісінің эпицентрі Тибеттегі Нагчу қаласынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 183 шақырым жерде орналасқан. Дүмпу салдарынан кемінде 339 үй қираған. Қайтыс болғандардан бөлек тағы 46 адам зардап шегіп, ауруханада жатыр деген мәлімет бар. Оның он бірінің жағдайы өте ауыр. Қазір апаттан келген шығын көлемі анықталып жатыр, онда құтқарушылар тобы жіберілген.

Қытайдың CCTV мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, теміржол қызметі жер сілкінісі болған аумақтар арқылы пойыздардың жүруін уақытша тоқтатқан. Ал Қытайдың Жер сілкіністері жөніндегі басқармасы төтенше жағдайға әрекет етудің екінші деңгейін жариялады. Бұл – елдегі төтенше жағдайларға ден қою жүйесіндегі ең жоғары деңгейлердің бірі.

Қытайда күшті жер сілкіністері жиі болады. Әсіресе елдің оңтүстік-батыс бөлігінде мұндай табиғи апаттар жиі кездеседі. Басты себеп – аймақта Еуразия мен Үнді тектоникалық плиталары түйіседі. Екі плитаның соқтығысуы нәтижесінде Гималай таулары мен кең байтақ Тибет үстірті қалыптасқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар