Семейде құлаған үй төбесінің астында қалған ер адамды құтқарылды
Семейде құрылыс-жөндеу жұмыстары кезінде жеке тұрғын үйдің төбе жабындары опырылып түсіп, бір тұрғын құрылымдардың астында қалды. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары зардап шегушіге жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Оқиға кеше, 25 қазан күні болған. Қалалық 112 шұғыл қызмет пультіне жеке тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында төбесі опырылғаны туралы хабарлама түскен.
Ақпарат алынысымен оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шұғыл жетті. Мамандар қираған заттар астында қысылып қалған ер адамды абайлап шығарып, алғашқы көмек көрсеткеннен кейін оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 қазан 2026