Синоптиктер Қазақстанның 4 қаласында ауа ластанатынын ескертті
Бүгін, 25 қазанда Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Kursiv.Media. «Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, бұған қолайсыз метеорологиялық жағдайлар себеп болып отыр.
Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдай Ақтөбе, Алматы, Қарағанды және Теміртау қалаларында күтіледі.
Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдай желдің болмауы немесе баяу соғуы, тұман және температуралық инверсия қатар орын алған кезде қалыптасады. Мұндай жағдайда зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналып, ауа сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Синоптиктер мұндай кезеңдерде ауа ластануының адам денсаулығына кері әсер ету қаупі артатынын ескертеді. Бұл әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар үшін маңызды.
Ауадағы ластану деңгейіне желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы әсер етеді.
Осыған байланысты мамандар тұрғындарға сақтық шараларын ұстануды ескертеді:
- Соңғы
- Қазан, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 24
-
-
-
- Қазан, 23
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 қазан 2026