Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бибісара Асаубаева және ел құрамасы FIDE сыйлығына ұсынылды

kz.kursiv.media

Бибісара Асаубаева және ел құрамасы FIDE сыйлығына ұсынылды

Әйгілі шахматшы Бибісара Асаубаева, Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамасы, сонымен бірге Қазақстан шахмат федерациясы FIDE Excellence Awards сыйлығына үміткерлер тізіміне енді. Марапат екі жылда бір мәрте тапсырылады.

Әлемнің үш дүркін чемпионы (блиц) Бибісара Асаубаева «Үздік шахматшы (Әйелдер)» атағына таласады. Осы атаққа тағы тоғыз шахматшы таласады. Олар: Дивья Дешмук, Александра Горячкина, Конеру Хампи, Лей Тинцзе, Анна Музычук, Тан Чжунъи, Вайшали Рамешбабу, Цзюй Вэньцзюнь және Чжу Цзиньэр.

Бұл ретте оның 2024 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі жетістіктері есепке алынады. Асаубаеваның осы уақытта жеткен жетістіктері жетерлік:

Оның үстіне Бибісараның қазір FIDE Women’s Circuit 2026–2027 жалпы есебінде көш бастап тұрғанын да айта кеткен жөн. Осының бәрін ескерсек, Асаубаева халықаралық шахмат федерациясының екі жылда бір рет берілетін арнайы сыйлығына әбден лайық.

Ал Бибісараның ең жақын досы – өзбек гроссмейстері Жавохир Синдаров екі түрлі сыйлыққа үміткерлер қатарына енді. Ол «Үздік шахматшы (Ерлер)» және «Жылдың жаңа есімі» атақтарына таласады. Үздік атануға тағы тоғыз жігіт таласады: Нодирбек Абдусатторов, Фабиано Каруана, Магнус Карлсен, Арджун Эригайси, Әлиреза Фирузджа, Аниш Гири, Гукеш Доммараджу, Винсент Кеймер және Рамешбабу Прагнанандха.

Айта кетейік, Синдаров биыл чемпион атағына үміткерлер турнирінде топ жарған. Енді ол әлем чемпионы атану үшін Гукешпен сайысқа түседі. Бұған қоса, Жавохир 2025 жылғы ФИДЕ Әлем Кубогын жеңіп алған.

FIDE жариялаған тізімде Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы мен Қазақстан шахмат федерациясы да бар. Олар «үздік команда» және «үздік федерация» сыйлықтарына таласады.

FIDE Excellence Awards жеңімпаздарын шахмат әлемінің сарапшыларынан құралған комиссия дауыс беру арқылы анықтайды. Сыйлық 2026 жылғы қыркүйекте Самарқанд қаласында өтетін Олимпиада барысында тапсырылады.

Тақырыпқа орай: Танымал шахматшы Динара Сәдуақасова тоғыз жастағы дарынды балаға 1,2 млн теңге көлемінде шәкіртақы тағайындады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар