Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда қияр, қызанақ және сәбіз арзандады

kz.kursiv.media

Қазақстанда қияр, қызанақ және сәбіз арзандады

Қазақстанда бір апта ішінде бірнеше әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Бағасы ең көп арзандаған өнім – қияр. Оның құны бір аптада 4,6%-ға төмендеп, орташа бағасы келісіне 524 теңгені құрады. Ең арзан қияр Тараз қаласында сатылды – келісі 357 теңге.

Сондай-ақ бір апта ішінде мына өнімдердің бағасы төмендеді:

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы жеті қалада арзандаған. Атап айтқанда, Ақтауда – 0,7%-ға, Қонаевта – 0,3%-ға, Жезқазған мен Петропавлда – 0,2%-ға, Тараз, Қарағанды және Түркістан қалаларында – 0,1%-ға төмендеді.

Ал Астана, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Павлодар және Семей қалаларында бір апта ішінде баға өзгермеген.

Ел бойынша күріштің орташа бағасы келісіне 534 теңге болды. Ең төмен баға Қызылордада – 456 теңге, Алматыда – 478 теңге деңгейінде тіркелді.

Ақ қырыққабаттың орташа бағасы келісіне 198 теңгені құрады. Ең арзан қырыққабат Түркістанда сатылды – 137 теңге.

Бірінші санаттағы 10 жұмыртқаның орташа бағасы 561 теңге болды. Ең төмен баға Қызылордада – 464 теңге, Оралда – 476 теңге тіркелді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне 31 өнім кіреді.

Ал Сауда және интеграция министрлігінің дерегіне сәйкес, өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 21 түрінің бағасы өзгерген. Алайда олардың басым бөлігінде өсім 1%-дан аспаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар