Кореядан косметика әкелемін деп алдаған шетелдік Қазақстаннан ұсталды
Қазақстанда жыл басынан бері полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 17 мыңнан астам адамның жүрген жерін анықтады. Сонымен қатар іздеуде жүрген 1 031 күдікті ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады деп жазады Kursiv Media.
ІІМ мәліметінше, ұсталғандардың қатарында 2018 жылы Қарағандыда 401 млн теңгеден астам соманың мүлкін алаяқтық жолмен иемденді деген күдікке ілінген 67 жастағы ер адам бар. Ол Астана қаласында ұсталды.
Бұдан бөлек, Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген 537 адам қолға түсті. Олардың қатарында 1,3 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 45 жастағы шетел азаматы бар. Ол Алматы қаласында ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, 2023 жылы Бішкекте ер адам Оңтүстік Кореядан косметикалық өнімдер жеткізуді ұйымдастыру сылтауымен жәбірленушінің ақшасын иемденген.
Министрлік сонымен қатар «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасының жалғасып жатқанын еске салды. 5 қазаннан бері полиция қызметкерлері 249 мыңға жуық тұрғын үйді тексеріп, тіркеусіз тұрудың 9 мыңға жуық дерегін анықтады. 7 189 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Рейдтер кезінде түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарға қатысты 3 883 дерек тіркелді. 396 жасөспірім бейімдеу орталықтарына орналастырылды.
«Қауіпсіз үй» іс-шарасы 5 қарашаға дейін жалғасады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 26
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
27 қазан 2026