Нидерландыда 25 мың мемлекеттік қызметкер қысқартылады
2027 жылдан бастап бұл мемлекеттік бюджетке жыл сайын 900 млн еуро үнемдеуге мүмкіндік береді
Нидерланды үкіметі жасанды интеллектіні пайдалану арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, шамамен 25 мың жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отыр. 2027 жылға қарай мемлекет жыл сайын 900 млн еуро, ал 2035 жылдан бастап 3,5 млрд еуроға дейін үнемдеуді көздеп отыр, деп жазады Kursiv Media.
Қысқарту шаралары негізінен министрлік, инспекция және атқарушы органдарға әсер етеді. Алайда реформа барлық мекемеде бірдей жүргізілмейді. Полиция мен қорғаныс саласына оның ықпалы аз болады.
«Орталық мемлекеттік аппаратты шынымен тиімді ету үшін күрделі шешімдер қабылдаймыз. Ол қарапайым, ақылды әрі ықшамды болуы керек»,- деді мемлекеттік басқарудың тиімділігі жөніндегі мемлекеттік хатшы Эрик ван дер Бург.
Ресми мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың соңында Нидерландтағы мемлекеттік қызметкерлер саны рекордтық 160 мың адамға жеткен. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 41 пайызға көп. Бұған дейінгі үкіметтер штат санын қысқартуға уәде бергенімен, мемлекеттік аппараттың көлемі керісінше ұлғайған.
Ван дер Бургтың парламентке жолдаған хатына сәйкес, жекелеген министрлік, инспекция және атқарушы органдарда қызметкерлер саны 45–60 пайызға дейін қысқаруы мүмкін.
Үкімет әкімшілік жүктемені азайтып, артық рәсімдерден бас тартуды және еңбек өнімділігін арттыруды көздейді. Реформаның негізгі бағыттарының бірі қажетсіз немесе шамадан тыс бюрократиялық 500 ережені жою болып отыр.
Биліктің пікірінше, заңдар мен рәсімдерді жеңілдету қосымша қызметкерлерге деген қажеттілікті азайтады. Сонымен қатар мемлекеттік органдарда жасанды интеллектіні қолдану ауқымы кеңейтілмек.
Оқи отырыңыз: Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыстан кетуді ұсынды
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 26
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
27 қазан 2026