2026 жылдың "Алтын доп" иегері анықталды
«Бавария» футбол клубының шабуылшысы Гарри Кейн 2026 жылғы «Алтын доп» сыйлығын иеленді. Футболдағы ең беделді жеке марапатты табыстау рәсімі France Football журналы ұйымдастырған салтанатты кеште өтті деп хабарлайды Kursiv Media.
Лондондағы «Палладиум» театрында болған рәсімде жеңімпазға «Алтын допты» бразилиялық футболшы Роналдо табыстады. Бұл жүлдені алуға Кейннен бөлек «Реал Мадридтен» Джуд Беллингем, «Барселонадан» Ламин Ямаль да үміткер болған еді.
Айта кету керек, футболдағы басты марапат тарихта алғаш рет Франциядан тыс жерде табысталды. Рәсімнің Лондонда өтуіне 1956 жылы «Алтын доптың» алғашқы иегері атанған ағылшын футболшысы Стэнли Мэттьюстің есімі себеп болған.
«Алтын доп» сыйлығын France Football журналы үздік футболшыға жыл сайын табыстайды. Өткен жылы бұл марапатты ПСЖ шабуылшысы Усман Дембеле иеленген.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 26
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
27 қазан 2026