Ер адамдардың репродуктивті денсаулығын бақылайтын қосымша таныстырылды
«AI-Sana» көрмесінде денсаулықты бақылауға арналған AI-жоба таныстырылды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратына қарағанда, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі Айым Амангелді ер адамдардың репродуктивті денсаулығын бақылауға арналған «Әке» мобильді қосымшасын таныстырды.
«Жоба ер адамдардың репродуктивті денсаулығына қатысты ақпараттың қолжетімділігін арттыруға және өз денсаулығын жүйелі түрде бақылауына мүмкіндік беруге бағытталған», – делінген ақпаратта.
Қосымша пайдаланушының бастапқы денсаулық жағдайын бағалауға арналған сауалнаманы, медициналық хаттамалар мен әдебиеттер негізінде сұрақтарға жауап беретін жасанды интеллект чат-ботын қамтиды.
Сонымен қатар пайдаланушылар күнделікті денсаулық көрсеткіштерін тіркеп, ағзадағы өзгерістерді бақылап, жеті және отыз күндік кезеңдер бойынша аналитикалық мәліметтер ала алады.
Айта кететін жайт, 2027 жылдан бастап ғалымдарға бес жылдық грант енгізу ұсынылды.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 26
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
27 қазан 2026