Қазақстанда EXLANTIX ET сатылымы басталды:бағасы қанша
Қазақстанда EXEED брендінің алғашқы гибридті моделі – EXLANTIX ET сатылымға шықты. Премиум класты кроссовер екі нұсқада ұсынылған. Бастапқы бағасы – 21,59 млн теңге, ал қымбатырақ нұсқасы 24,69 млн теңге тұрады.
Orbis Auto автомобиль тобына кіретін EXEED брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторының мәліметінше, жаңа модель толық жетекпен жабдықталған. Көлік 100 км/сағ жылдамдыққа 4,8 секундта жетеді, ал WLTP циклі бойынша жалпы жүріс қоры 1 180 шақырымға дейін барады.
Қазақстандық сатып алушыларға кроссовердің екі нұсқасы ұсынылған:
Автокөлікке 5 жыл немесе 150 мың шақырым жүріске кепілдік беріледі. Ал тартқыш батареяға, электр қозғалтқыштарына және бірқатар негізгі электр компонентіне 8 жыл немесе 160 мың шақырымға дейін кепілдік қарастырылған.
EXLANTIX ET жүйелі гибрид технологиясын қолданады. Мұнда көлікті тек электр моторлары қозғалысқа келтіреді, ал бензин қозғалтқышы батареяны қуаттауға арналған электр энергиясын өндіреді.
Батареяны сыртқы электр желісінен қуаттауға болады. Ұзақ сапарда қуаттау станциясын іздеп, міндетті түрде тоқтаудың қажеті жоқ: энергия қоры азайған кезде бензин қозғалтқышы генератор ретінде жұмыс істейді.
Кроссовердің екі электр моторы жалпы 345 кВт қуат пен 634 Н·м айналу сәтін береді. Сыйымдылығы 40 кВт·сағ батарея CCS2 қосқышы арқылы жылдам қуатталады. Оның деңгейін 20%-дан 80%-ға дейін көтеруге шамамен 17,5 минут қажет.
Сонымен қатар V2L функциясы арқылы көлікті сыртқы құрылғыларды қуаттайтын 220 В электр көзі ретінде пайдалануға болады.
Ұзындығы бес метрге жуық, дөңгелек базасы 3 000 мм болатын бес орынды кроссовер кең салонмен жабдықталған. Бастапқы Comfort нұсқасының өзінде алдыңғы орындықтарда жылыту, желдету және бел аймағына арналған массаж функциясы бар. Екінші қатардағы орындықтар да электрлі реттеу, жылыту және желдету жүйелерімен жабдықталған.
Көліктің басқа мүмкіндіктері:
Артқы орындықтардың арқалықтарын бүктегенде жүк салғыш көлемі 1 835 литрге дейін ұлғаяды. Мультимедиа жүйесін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде пайдалануға болады.
24,69 млн теңгелік REEV Luxury комплектациясы интеллектуалды пневматикалық аспамен жабдықталған. Ол жол саңылауын 147-ден 227 мм-ге дейін өзгертуге мүмкіндік береді.
Бұл нұсқада автоматты тұраққа қою жүйесі, проекциялық дисплей, электрлі реттелетін руль бағаны және есіктерді автоматты түрде жабу механизмдері бар. Алдыңғы жолаушы орындығы аяққа арналған тірекпен және «нөлдік қысым» режимімен толықтырылған. Екі қатардағы орындықтарда массаж функциясы қарастырылған.
Сондай-ақ Luxury нұсқасында ауаны хош иістендіру және иондау жүйелері, алькантарамен қапталған төбе бар.
EXLANTIX ET-нің екі нұсқасында да CDC басқару жүйесі бар амортизаторлар орнатылған. Қазақстанның суық ауа райын ескере отырып, рөлді, алдыңғы әйнекті және әйнек жуғыш бүріккіштерді жылыту функциялары қарастырылған.
Comfort нұсқасының өзінде адаптивті круиз-бақылау, соқтығысу қаупі туралы ескерту, автоматты тежеу, жолақта ұстау және көрінбейтін аймақтарды бақылау жүйелері бар. Маневр жасау кезінде 540° жан-жақты шолу жүйесі мен алдыңғы және артқы тұрақ датчиктері көмектеседі.
Компанияның мәліметінше, тартқыш батарея су өткізбеушілікке, механикалық әсерлерге төзімділікке және өрт қауіпсіздігіне қатысты сынақтардан өткен. Батарея IP68 қорғаныс стандартына сәйкес келеді.
EXLANTIX ET сатылымы Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды және Өскемен қалаларындағы EXEED Kazakhstan дилерлік орталықтарында басталды.
Айта кетейік, Қазақстан нарығына жаңа EXEED RX PHEV гибрид кроссовері келді. Оның құны да белгілі, жаңа модель 22 990 000 теңге төңірегінде болады
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 26
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
27 қазан 2026