Түркістан облысында шаруа қожалықтары 1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырған
Түркістан облысында ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияларды жымқыру деректері анықталды. Бюджетке келтірілген залал 1 млрд теңгеге жуықтаған, деп жазады Kursiv Media.
Тексеру барысында Сайрам ауданындағы шаруа қожалықтары жалған мәліметтер мен құжаттарды пайдаланып, өндірілген сүт көлемін нақты көрсеткіштен 8 есе артық көрсеткені белгілі болды.
Облыстық прокуратура хабарлағандай, аталған деректер бойынша екі қылмыстық іс тіркелген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру облыстың арнайы прокурорларына тапсырылды. Қазіргі уақытта төрт күдіктіге қатысты бір қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталған.
Бюджетке 40 млн теңге қайтарылып, күдіктілердің құны 100 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынған. Екінші қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Тағы да оқыңыз: Балаларға заңсыз көрсетілген стоматологиялық қызмет ақысы қайтарылды
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 26
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
27 қазан 2026