918 мың доллар: Ақтөбеде заңсыз ақшаны криптовалютаға айналдырғандар ұсталды
Ақтөбеде есірткі сататын интернет-дүкеннің ақшасын айналымға түсіріп отырған қылмыстық топ ұсталды. Олар заңсыз бизнеске көмектесіп, 400 миллион теңгеден астам ақшаны криптовалютаға айналдырып жіберген.
Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаменті жүргізген тергеуде белгілі болғандай, қылмысты ұйымдастырған – Ақтөбе қаласының тұрғыны. Ол әлеуметтік желіде арнайы топ құрып, жанына 7 сыбайласын жинаған. Топ мүшелері екі ауысыммен тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеген.
Алдымен есірткі сатып алушылар ақшаны осы топтың есепшоттарына аударған. Төлем түскеннен кейін операторлар есірткі тығылған орынның координатын берген. Топ күн сайын 50–70 операция жасап, өзге адамдардың (дропперлердің) атына ашылған 22 банк картасын пайдаланған.
Түскен қаражатты бірден криптовалютаға (918 мың USDT) айналдырып, есірткі саудасын басқаратын ұйымдастырушылардың криптоәмиянына аударып отырған.
Қазіргі таңда топты ұйымдастырған басты күдікті қамауға алынды. Іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды.
Бұған дейін Астанада есірткі қосылған печенье сатқан интернет-дүкеннің қызметкерлері ұсталған.
- Соңғы
-
-
-
-
-
- Қараша, 01
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 31
-
- Қазан, 30
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
2 қараша 2026