Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұзақ жылдар бойы тоқтап тұрған 10 су жобасының құрылысы қайта жанданды

kz.kursiv.media

Ұзақ жылдар бойы тоқтап тұрған 10 су жобасының құрылысы қайта жанданды

2010–2020 жылдары басталып, түрлі себептермен аяқталмай қалған 10 су шаруашылығы нысанының құрылысын қайта басталды. Жобаларды алдағы екі жыл ішінде аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған, деп жазады Kursiv.Media.

Су шаруашылығы комитеті былтыр гидротехникалық нысандарды салу және реконструкциялау бойынша ұзақ уақыт аяқталмаған жобаларды іске асыру алгоритмін әзірлеген. Соның негізінде 10 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары қайта жанданды.

Олардың алтауы Қызылорда және Түркістан облыстарындағы каналдарды реконструкциялау мен жаңғыртуға қатысты. Қалған жобалар Ақмола облысындағы Преображенский гидроторабы мен Сілеті су қоймасын, Абай облысындағы Қусақ өзеніндегі бөгет гидроторабын және Алматы облысындағы Сүмбе өзеніндегі су алу құрылысын жаңғыртуды қамтиды.

Қазір Алматы облысындағы Сүмбе өзеніндегі су алу нысанында және Түркістан облысындағы Қызылқұм магистральдық каналында құрылыс жұмыстары қайта басталған. Ал К-26 және К-28 каналдары бойынша конкурс рәсімдері жүргізіліп жатыр. Тағы төрт жоба «Мемсараптама» РМК қарауында болса, қалған екеуіне түзету енгізу жұмыстары жалғасып жатыр.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, ведомство құрылғаннан бері ұзақ уақыт аяқталмай келген су шаруашылығы жобаларының саны екі есеге жуық азайған.

«Қалған жобаларды алдағы екі жыл ішінде аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Егер 2020-2022 жылдары Су шаруашылығы комитетінің теңгерімінде осындай 19 жоба болса, бүгінде олардың саны 10-ға дейін азайды. Қалған жобаларды алдағы екі жыл ішінде аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр», – деді су шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбек Серіков.

Оқи отырыңыз: Соңғы 3 жылда Балқаш көліне 40 миллиард текше метр су жіберілді

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар