Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жаппай уланудан кейін РФММ оқушылары екінші тоқсанда да онлайн оқиды

kz.kursiv.media

Жаппай уланудан кейін РФММ оқушылары екінші тоқсанда да онлайн оқиды

Оқушылар жаппай уланғаннан кейін Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары екінші тоқсанда да онлайн оқитын болды. Бұл туралы мектеп әкімшілігі хабарлады деп жазады Kursiv Media.

«Қазіргі уақытта оқушылар күзгі демалыста. Екінші тоқсанда сабақтар уақытша қашықтан оқыту форматында жалғасады. Дәстүрлі оқу форматына көшу мәселесі барлық қажетті санитариялық-профилактикалық жұмыстар толық аяқталып, санитариялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілгеннен кейін қарастырылады», – деп жазылған хабарламада.

Қазір мектепте қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Білім ошағы әкімшілігі анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын да ескерте кеткен.

Бүгін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мектепке тексеру жүргізу кезінде қауіпті бактериялар табылғанын хабарлаған еді. Асхана қызметкерлерінен алтын түсті стафилококк табылып, бас санитарлық дәрігердің қаулысымен уақытша жұмыстан шеттетілді.

Еске салайық, Алматыда 12-14 қазан аралығында физика-математика мектебінің 47 оқушысы ішек инфекциясына ұқсас белгілермен ауруханаға түсті. Одан кейін тағы бірнеше бала жатқызылды. Осыдан соң білім ошағы қашықтан оқытуға көшті.

Министрлік Алматыдағы оқушылары уланған мектеп басшылығына ескерту жасады. Алматы полициясы РФММ оқушыларының жаппай ауруханаға түсуіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

22 қазанда РФММ-де уланған оқушылар түгел ауруханадан шықты

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар