Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Зумерлер қайда жұмыс істейді және жалақылары қанша

kz.kursiv.media

Зумерлер қайда жұмыс істейді және жалақылары қанша

Қазақстанда 2000–2010 жылдары туған жастардың саны 2,7 млн адамнан асады. Олар еңбек нарығының толыққанды бөлігіне айналып, түрлі салада жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Kursiv.media.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында 16–24 жас аралығындағы жастардың 1,1 миллионы жұмыспен қамтылған, ал 1,5 миллионы еңбек күшіне кірмеген. Олардың басым бөлігі білім алып жатыр.

Finprom.kz мәліметінше, зумерлердің көбі сауда, білім беру және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді. Жастар арасында IT мамандары мен курьерлер ғана емес, қызмет көрсету саласының және өндірістің қызметкерлері де аз емес.

Еңбек етіп жүрген 16–24 жастағы жастардың 19,9%-ы көтерме және бөлшек сауда саласында жұмыс істейді. Бұл шамамен 225,8 мың адам. Білім беру саласында 131,2 мың жас ауыл, орман және балық шаруашылығында 110,7 мың адам еңбек етеді.

Өнеркәсіпте 94,4 мың, құрылыста 76,7 мың, логистика саласында 63,9 мың жас жұмыс істейді. Ал ақпарат және байланыс саласында еңбек ететін жастардың саны 34,8 мың адамды құрайды.

Зумерлер қанша жалақы алады

2026 жылғы сәуірде 16–24 жас аралығындағы қазақстандықтардың орташа айлық атаулы жалақысы 310,3 мың теңге болған. Бұл 25–34 жастағы азаматтардың жалақысынан 26,8%-ға, ал 35–44 жас аралығындағы адамдардың табысынан 36,6%-ға төмен.

Ең жоғары жалақы алатын жастардың қатарында IT саласында жұмыс істейтіндер бар. Компьютерлік бағдарламалау және оған қатысты қызметтерде олардың орташа жалақысы 675,9 мың теңгеге жеткен. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында бұл көрсеткіш 912,8 мың теңгені құрайды.

Ал әлеуметтік саладағы жалақы төменірек. Мектепке дейінгі білім беру саласында жастар орта есеппен 184,9 мың теңге, медицинада 238,3 мың теңге, мемлекеттік қызметте 231,1 мың теңге алады.

Жастардың еңбекке көзқарасы қандай

Ғылыми-зерттеу орталығы «Жастар» жүргізген зерттеуге сәйкес, қазіргі жастар үшін еркіндік, психологиялық жайлылық және өзін-өзі дамыту маңызды. Зумерлер цифрлық ортада белсенді болғанымен, дәстүрлі қоғамдық қызмет түрлеріне қатысу деңгейі төмен.

Сонымен қатар жастардың 17,3%-ы қаржылық қиындықтарға, 13,5%-ы цифрлық қауіптерге тап болатынын айтқан. Сауалнамаға қатысқандардың 21,8%-ы қоғам тарапынан түсінбеушілік пен сынға ұшырайтынын жеткізген. Зерттеуге 14–28 жас аралығындағы 4,5 мың қазақстандық қатысқан.

Кәсіби болашағына қатысты жастардың басым бөлігі нақты болжам жасауға асықпайды. Сауалнамаға қатысқан 16–24 жастағылардың 45,1%-ы алдағы бір жылда жұмысында өзгеріс болмайды деп есептейді. Төрттен бірі кәсіби тұрғыда өсуді, ал 29%-ы жалақысының көтерілуін күтеді.

Тағы да оқыңыз: Елдегі ең төменгі жалақы 110 мың теңге болады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар