Инфляциямен жүйелі түрде күресу керек: Тоқаев халықтың табысын ұлғайтуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында инфляциямен жүйелі түрде күресіп, халықтың табысын ұлғайту керек екенін айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.
Айтуынша, соңғы жылдары Үкімет бюджет пен салық жүйесін толығымен қайта қарады. Бірақ мемлекеттік саясаттың тиімділігі, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатына, экономикалық белсенділігіне қарап бағаланады.
«Сондықтан біз үшін ең маңызды мақсат – халықтың табысын ұлғайту. Ол үшін бірінші кезекте инфляциямен жүйелі түрде күресу қажет. Бағаның өсу қарқыны біршама бәсеңдеді. Дегенмен инфляция деңгейі әлі де жоғары. Сондықтан, ең алдымен, Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп, үйлесімді жұмыс істеуі керек. Инфляцияны тежеп, төмендету қажет. Бұл – аса маңызды міндет», – деді Президент.
Сондай-ақ президент «Инфляция – азаматтарымыздың әл-ауқатын күннен-күнге кемітіп жатқан үнсіз жау» екенідігін де бейнелеп айтты.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауын бастады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
28 қазан 2026