Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда трактор мен комбайндар өндірісі артады

kz.kursiv.media

Қазақстанда трактор мен комбайндар өндірісі артады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке фермерлерді ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ететін тиімді тетіктерді енгізуді тапсырды. Сонымен қатар «Бәйтерек» холдингі дайындаған құны 500 млрд теңгеден асатын азық-түлік өнеркәсібі жобаларын созбалаңға салмай, іске асыру қажеттігін айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді.

Тоқаевтың сөзінше, былтыр ауыл шаруашылығы саласы шамамен 6%-ға өсіп, агроөнеркәсіп кешенінде өндірілген өнім көлемі 15 трлн теңгеге жеткен.

Сонымен қатар жеңілдетілген шарттармен қаржыландыру көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 трлн теңгеден 1,5 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Алайда Президент бөлінген қаражаттың бір бөлігі күнделікті қажеттіліктер мен айналым қаражатын толықтыруға жұмсалып жатқанын атап өтті.

«Шаруаларға алдағы жұмысын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік беретін кең ауқымды қаржыландыру жүйесі керек. Сондықтан Үкімет фермерлерді ұзақ мерзімге арналған инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету үшін тиімді әрі пәрменді тәсілдерді енгізуі қажет», – деді Президент.

Мемлекет басшысы азық-түлік өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыру мәселесіне де тоқталды.

««Бәйтерек» холдингі тағам өнеркәсібі саласында жалпы құны 500 млрд теңгеден асатын әлеуеті зор жобалар тізімін дайындады. Соның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қолжетімді әрі жеңілдетілген шарттармен қаржы бөлу мәселесін созбалаңға салмай, сапалы жобаларды дереу жүзеге асыру керек», – деді Тоқаев.

Бұдан бөлек, Президент ауыл шаруашылығын технологиялық тұрғыдан жаңғырту қажеттігін айтты. Оның пікірінше, елімізде өндірілетін сапалы тракторлар мен комбайндардың санын көбейту маңызды.

«Елімізде шығарылатын технологиялық тұрғыдан сапасы жоғары тракторлар мен комбайндардың санын көбейту қажет. Бұл – өзекті мәселе. Осылайша, біз ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыра түсеміз», – деді Мемлекет басшысы.

Тағы да оқыңыз: Президент инфрақұрылымды жаңарту үшін жеке инвестиция тартуды тапсырды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар