«Самұрық-Энерго» басшысы бірнеше сыннан кейін қызметінен босатылды
«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов лауазымынан айырылды. Оның жұмыстан босатылуы туралы шешімді «Самұрық-Қазына» қоры қабылдады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Шешімге компанияның маңызды инвестициялық жобаларды баяу жүргізгені және жаңа электр станцияларының құрылысын өз уақытында бақыламағаны себеп болды.», – деп хабарлады акционерлік қоғам өкілдері.
Еске сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын Мақсұтовқа баяндаманы тым созып жібергені үшін ескерту жасалған болатын, ал үш ай бұрын ол Алматыдағы 3-ЖЭО құрылысының баяу қарқыны үшін сынға ұшыраған еді.
Босаған лауазымға кімнің келетіні әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Қайрат Мақсұтов 2023 жылдың маусымында «Самұрық-Энерго» басшысы лауазымына тағайындалған еді.
Оқи отырыңыз: Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
28 қазан 2026