Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Соңғы 3 жылда Балқаш көліне 40 миллиард текше метр су жіберілді

kz.kursiv.media

Соңғы 3 жылда Балқаш көліне 40 миллиард текше метр су жіберілді

Соңғы үш жылдың ішінде Балқаш көліне шамамен 40 миллиард текше метр су құйылып, бұл көлдің су деңгейін бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Kursiv Media.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің дерегінше, су көлемі жылдар бойынша былай бөлінді:

Балқаш көлін сумен қамтамасыз ету трансшекаралық Іле өзенінің ағынын реттеп отырған Қапшағай су қоймасы арқылы жүзеге асады. Алдыңғы екі жылда Қапшағай су қоймасы 100% толса, биылғы көрсеткіш 98%-ды құрады.

«Іле өзені арқылы Балқашқа келетін су көлемі көпжылдық орташа көрсеткішке сай келеді. Бұл көлдегі су деңгейін тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік беруде. Қазіргі таңда Балқаштың су деңгейі Балтық биіктік жүйесі бойынша теңіз деңгейінен 341 метр белгісінде сақталып тұр», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сонымен қатар, министр қазіргі уақытта француз сарапшыларымен бірлесіп, Балқаш көлін 2040 жылға дейін сақтауға арналған бас жоспар әзірленіп жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта далалық зерттеулер аяқталып,жиналған мәліметтерге талдау жүргізілуде.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар