Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Банктер халықтың депозиттегі ақшасына қанша пайыз сыйақы төлейді

kz.kursiv.media

Банктер халықтың депозиттегі ақшасына қанша пайыз сыйақы төлейді

Ұлттық банк депозит пен кредиттің орташа сараланған пайыздық мөлшерлемесін жариялады. Мәліметке сәйкес, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар үшін қаржы шарттары біршама өзгерген.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша орташа сараланған мөлшерлеме қыркүйекте сәл өсіп, 14,7%-ды құрады. Тамызда 14,6% болған еді. Ал валюталық жинақтар бойынша пайыздық ставка өзгеріссіз қалды – 0,9%.

Бұл ретте банктер 1-3 ай аралығында ашылған депозиттерге ең жоғары мөлшерлеме ұсынып отыр. Үш айға дейінгі депозитте қаржыны 17,4 пайызбен сақтауға болады.

Заңды тұлғалар депозитінің пайызы сәл азайды. Компаниялардың теңгедегі депозиттері бойынша мөлшердеме 15,5%-ға дейін төмендеді. Тамыздағы көрсеткі 15,8%-ды құраған. Сонымен қатар валюталық салымдардың мөлшерлемесі де 2%-дан 1,8%-ға дейін азайды.

Бизнестің үш айға дейін ашқан депозитіне 15,6 пайыз сыйақы есептеледі.

Жеке тұлғалардың теңгемен алған несиесінің пайызы әлі де қымбат болып тұр. Қыркүйекте бұл көрсеткіг 21,9%-ды құраған. Ал шетел валютасындағы несиелердің пайызы тамыздағы 4,1%-дан бірден 6,6%-ға дейін көтерілді.

Заңды тұлғаларға келетін болсақ, оларға теңгеде берілетін несие мөлшерлемесі 19,3%-дан 19%-ға дейін төмендеді. Ал компаниялардың шетел валютасындағы несиесінің орташа пайызы 6,7% деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Қаңтар–тамыз айларында халықтың банктегі депозиті 30,5 триллион теңгеден асқан. Атап айтқанда, теңгедегі салымдар 12,2%-ға көбейіп, 24,7 триллион теңгеге жетсе, шетел валютасындағы жинақтар 5,6%-ға азайып, 5,9 триллион теңгені құрады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар