Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Уильям ханзада британдық шоуда қазақстандық ақбөкендерді сөз етті

kz.kursiv.media

Уильям ханзада британдық шоуда қазақстандық ақбөкендерді сөз етті

Ұлыбритания ханзадасы Уильям британдық тележүргізуші Грэм Нортонның шоуында Қазақстандағы ақбөкендер популяциясы туралы сөз етті, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Уильям ханзада қатысқан телебағдарлама 23 қазанда BBC арнасында эфирге шықты. Онымен бірге студияда актрисалар Кейт Бланшетт пен Ханна Уэддингем, сондай-ақ, табиғат қорғаушы Роберт Ирвин қонақта болды.

Сұқбат барысында бағдарлама жүргізушісі ақбөкеннің ерекше сырт келбетіне назар аударған. Бұған жауап ретінде Уильям бұл жануар түрінің бұрын жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрғанын, бірақ оны сақтап қалуға бағытталған жүйелі шаралардың арқасында саны айтарлықтай өскенін жеткізді.

«Бір кездері бұл ақбөкен жойылу қаупінде тұрған еді, ал қазір олардың саны қайтадан көбейді. Бұған Қазақстан үкіметінің ақбөкеннің ел үшін де, табиғатты сақтау үшін де қаншалықты маңызды екенін түсініп, толық қолдау көрсетуі себеп болды», – деді ол.

Публикация от Embassy of Kazakhstan in the UK (@kazakhembassy_uk)

Сонымен қатар, Уильям жабайы жануарлар популяциясын қалпына келтірудің сәтті үлгілерінің біріне айналған «Алтын Дала» табиғатты қорғау бастамасын да тілге тиек етті.

«Алтын Дала» бағдарламасы 2005 жылы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК), «Fauna & Flora International», Франкфурт зоологиялық қоғамы (FZS) және Корольдік құстарды қорғау қоғамының (RSPB) ұзақ мерзімді серіктестігі ретінде құрылған.

2024 жылы бастама The Earthshot Prize сыйлығының «Табиғатты қорғау және қалпына келтіру» номинациясында жеңіске жеткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар