Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үсік, көктайғақ пен қатты жел: 27 қазанға ауа райы болжамы

kz.kursiv.media

Үсік, көктайғақ пен қатты жел: 27 қазанға ауа райы болжамы

27 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік, тұман, көктайғақ және қатты жел болуы мүмкін. «Қазгидромет» болжамынша, Жетісу облысы мен Талдықорғанда ауа температурасы түнде −11 градусқа дейін төмендейді. Ал Алакөл көлдері маңында желдің екпіні секундына 28 метрге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ел аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Алайда солтүстік, орталық өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар жаууы ықтимал.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Қай өңірлерде үсік күтіледі?

Жамбыл облысында түнде ауа температурасы −3…−8 градусқа дейін төмендейді. Таразда −5…−7 градус аяз болжанып отыр.

Алматы облысында −1…−6 градус, Алматыда −1…−3 градус, Қонаевта −2…−4 градус үсік күтіледі. Жетісу облысында ауа температурасы −2…−7 градусқа дейін төмендеп, облыс орталығы мен Талдықорғанда −11 градусқа жетуі мүмкін.

Түркістан облысының солтүстігі мен батысында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында да 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Қай жерде жел күшейіп, тұман түседі?

Алакөл көлдері маңында желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Алматы және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында, Түркістан облысының таулары мен тау бөктерінде, Маңғыстау облысының орталығында жел жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысының шығысы мен орталығында, соның ішінде Қызылорда қаласында шаңды дауыл соғып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюі ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Тұман Астана, Петропавл және Павлодар қалаларында да болжанып отыр.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.

Бірқатар өңірде өрт қаупі сақталады

Атырау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының жекелеген аудандарында, Ұлытау мен Жетісу облыстарында өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Алматы және Түркістан облыстарының бірқатар ауданында жоғары өрт қаупі күтіледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар