Қытай инвесторына тиесілі компания Ақмола облысында алтын іздейді
«Kazakhstan Atasu Mining Co., LTD» компаниясы Ақмола облысы Бұланды ауданындағы «Атасу» учаскесінде алтын іздейді. Бұл туралы Qazba порталы хабарлайды.
Жоба аясында аумақтың геологиялық құрылысы зерттеліп, қатты пайдалы қазбалардың қоры анықталады.
Компания 26,6 шаршы шақырымды құрайтын аумақты 2026 жылғы 22 шілдеде алды. Жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші жылы жобалау, іздеу бағыттары мен тау-кен жұмыстары орындалады.
Бірінші және екінші жылдары қажеттілікке қарай геофизикалық және геохимиялық зерттеу, топографо-геодезиялық жұмыс пен зертханалық талдау жүргізіледі. Одан кейінгі жылдары геобарлаудың салдарын жою жұмыстары жоспарланған. Соңғы кезеңде барлық атқарылған жұмыстар бойынша
eGov деректері бойынша, «Kazakhstan Atasu Mining Co., LTD» компаниясы 2026 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында тіркелген. Бұл компания «Kazakhstan Saryarka Mining Co. Ltd.» жеке компаниясына тиесілі. Аталған жеке компания «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген, оның жалғыз иесі әрі басшысы – Ли Вейвей.
Бұған дейін қазақстандық компания Ақтөбе облысында алтын мен вольфрам іздейтіні хабарланған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
27 қазан 2026