Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оңтүстік Корея Украинадағы дипломаттарын елге қайтарып алды

kz.kursiv.media

Оңтүстік Корея Украинадағы дипломаттарын елге қайтарып алды

Оңтүстік Корея Украинадағы елшілігінің сегіз қызметкерін кері қайтарып алды. Бұған екі солтүстіккореялық соғыс тұтқынының берілгені туралы құпия ақпараттың жарияланып кетуі себеп болды. Осыдан кейін екі ел арасында келіспеушілік туындаған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Чо Хён мәлімдеді

Оның айтуынша, елшіліктің негізгі қызметкерлері Украинадағы жұмысын әрі қарай жүргізіп жатыр. Олар соғыс жағдайында Оңтүстік Корея азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр.

Сеул Киевтен ресми түсініктеме талап етіп, мұндай оқиғалардың қайталанбайтынына кепілдік сұрады. Бұған Украина президенті Владимир Зеленскийдің қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде екі солтүстіккореялық әскери қызметшінің Оңтүстік Кореяға тапсырылғанын көпшілікке жария етуі себеп болды.

Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мён Киевті құпиялылық туралы келісімді бұзды деп айыптады.

«Украина тарапының құпиялылық туралы келісімді бұзып, бұл ақпаратты жария етуіне не түрткі болғаны маған белгісіз. Алайда қалыптасқан жағдайм – заңсыздық», – деді ол.

6 қазанда Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрі Украина тарапының осы мәселе бойынша кешірім сұрағанын хабарлады. Алайда бір тәуліктен кейін республика өзінің Украинадағы елшісі Пак Ки Чанды кері шақырып алды. Қазіргі уақытта елшілік өз жұмысын уақытша сенімді өкілдің басшылығымен жалғастырып жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар