Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Жүрек тұсынан пышақтаған": Қызылордада бір топ бала 20 жастағы жігітті өлтіріп кетті

kz.kursiv.media

Жүрек тұсынан пышақтаған: Қызылордада бір топ бала 20 жастағы жігітті өлтіріп кетті

Қызылордада бір топ бала дәмхана маңында 20 жастағы жігітті пышақтап кетті. Маркұмның туысқандараның айтуынша, бұл іске 12 адам қатысуы мүмкін. Ал қазіргі уақытта оның тек үшеуі ғана ұсталған, деп хабарлайды жергілікті тұрғынның өліміне күдікті ретінде үш адам ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қайғылы оқиға 8 қазанда болған. Қазақ тапқан жігіттің әпкесі қылмысқа қатысы бар барлық адам тергеуден тыс қалмауын талап етіп отыр.

«Қылмысқа 12 адам қатысқан деген ақпаратымыз бар. Інімді топ болып соққыға жыққан. Жүрек тұсына пышақ сұққан. Алайда қазіргі уақытта тек үш адам ғана ұсталды. Шабуылды 12 адамнан тұратын топ жасағанын растайтын куәгерлер бар. Мен 12 адамның барлығы бірдей дәрежеде кінәлі деп айтпаймын. Бірақ әрқайсысының рөлі мұқият тексеріліп, куәгерлердің түсініктемелері ескерілуін және бұл сұмдық қылмысқа қатысы бар бірде-бір адам тергеуден тыс қалмауын талап етемін», – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Ол Бас прокуратураға, ІІМ-ге, облыстық прокуратура мен полицияға жүгініп, «тергеуді ерекше бақылауға алуды және барлық куәгерлердің түсініктемелерін тексеруді сұрады.

Бұл жазбаға өңірлік полиция департаменті үн қосты.

«8 қазанда Қызылорда тұрғынын өлтіріп кеткен дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған оқиға бойынша үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген барлық бейнежазбалар зерттелді. Оқиғаға өзге де тұлғалардың қатысы болуы мүмкін деген мәліметтер тексерілуде.Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деп мәлімдеді Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі кеше, 26 қазанда.

Айта кетейік, 21 қазанда Қызылорданың орталық алаңында қайғылы оқиға болды. Марқұмның әпкесінің айтуынша, екі жасөспірім 1 000 теңге үшін жанжалдасып, 13 жастағы бала танысын бұрауышпен өртiрген. Полиция абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бала тәрбиесі бойынша міндеттерді орындамау фактілерімен іс қозғады. Күдікті жасөспірімдерді уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар