Астанада автобус жолақысы қымбаттады, ал LRT тарифі өзгере ме
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы өзгерді. Қала ішіндегі қарапайым автобустарда электронды төлем арқылы бір сапардың құны 150 теңге болды, деп жазады Kursiv.Media.
Астана әкімдігінің қаулысына сәйкес, жаңа тарифтер төлем тәсілі мен маршрут санатына қарай белгіленген. Электронды төлем кезінде қарапайым қалалық автобустарда жолақы 150 теңге, ал жедел автобустарда 300 теңге болады. Қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда бұл сома тиісінше 300 және 400 теңгені құрайды. Қала маңы бағыттарында жолақы әр шақырымға есептеледі.
Ал LRT тарифі өзгере ме
Бұған дейін City Transportation Systems компаниясы жеңіл рельсті көліктегі бір реттік сапар құны 200 теңге болатынын хабарлаған. Автобустардың жолақысы қымбаттағанына байланысты қоғамдық көлік ретінде LRT тарифіне қатысты сұрауды қала әкімдігіне жолдадық.
Астана қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаеваның айтуынша, әзірге LRT тарифін өсіру жоспарда жоқ.
Елордадағы автобус жолақысының қымбаттауы қаулы шыққан соң 10 күндесін енетіні хабарланған. Астанада жолақы 10 күннен кейін 150 теңге болады
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
27 қазан 2026