Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Шин-Лайн» Қазақстанда 50-ден астам корей мейрамханаларының филиалын ашады

kz.kursiv.media

«Шин-Лайн» Қазақстанда 50-ден астам корей мейрамханаларының филиалын ашады

Оңтүстіккореялық Mom’s Touch жылдам тамақтану мейрамханалар желісі таяудағы он жыл ішінде Қазақстанда 50-ден астам филиалын ашуды көздеп отыр. Алғашқы мейрамхана 2027 жылдың бірінші жартысында жұмысын бастауға тиіс, деп хабарлайды Kursiv Media The Korea Herald сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан нарығына шығу үшін Mom’s Touch кәсіпкер Андрей Шин негізін қалаған қазақстандық «Шин-Лайн» компаниясының еншілес кәсіпорны – Mom’s Touch Central Asia ЖШС-мен мастер-франчайзингтік келісімге отырды. Келісім аталған мейрамхана желісін Қазақстанда ғана емес, Қырғызстанда да дамытуды қарастырады. Серіктестер алдымен мейрамханаларды Қазақстанның ірі қалаларында, соның ішінде Астанада ашып, кейін көршілес нарықтарды игеруге кірісуді көздеп отыр.

The Korea Times басылымының жазуынша, оңтүстіккореялық компания «Шин-Лайнның» өндірістік және логистикалық инфрақұрылымын, соның ішінде тоңазытқыш қоймалары мен тоңазытылған өнімдерді тасымалдау желісін пайдалануға үміт артады.

Қазақстандағы Mom’s Touch мәзірінің негізін тауық санының тұтас филесінен жасалған бургерлер, қуырылған тауық еті және пицца құрайды. Мұнда бір мейрамханада тез дайындалатын тағамдардың бірнеше санатын біріктіретін QSR (quick service restaurant) форматын қолдану жоспарланған.

Mom’s Touch – Оңтүстік Кореядағы ең ірі жылдам тамақтану желілерінің бірі. Компанияның өзі ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2026 жылдың бірінші жартысында ішкі нарықта оның 1500-ден астам мейрамханасы болған. Оңтүстік Кореядан тыс желі мейрамханалары Жапония, Моңғолия, Таиланд, Лаос және Сингапурда жұмыс істейді. 2025 жылы компания Өзбекстан нарығына шығу туралы франчайзингтік келісім жасасып, ол жерде 60-қа жуық мейрамхана ашуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, «Шин-Лайн» 1995 жылдан бері жұмыс істейді және Орталық Азиядағы ең ірі балмұздақ өндіруші компания. Балмұздақтан бөлек, компания тоңазытылған жартылай фабрикаттар мен тез дайындалатын кеспе шығарады. 2024 жылдан бастап «Шин-Лайн» CU корей дүкендер желісін дамытып келеді.

Бұған дейін Қазақстанда корей балмұздағы шығарылатынын жазған едік. Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Шин-Лайн» компаниясы және Оңтүстік Кореяның Sungwon Machinery Co., Ltd. компаниясы үшжақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар