Исматулла Мақсұмның үстінен тергеу басталды: 20 жасөспірім зорлыққа ұшыраған
Қазақстандағы сопылық бағыттағы «зікіршілер» жамағатының жетекшісі Исматулла Мақсұмның үстінен тергеу жүріп жатыр.
Бұл туралы Kursiv.Media-ға Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жарияланымдағы деректерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның аясында барлық мән-жайлар тексерілетін болады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген ақпаратта.
Исматулла Мақсұмның шын есімі – Исматулла Әбдіғаппар. Total.kz ақпаратына қарағанда, оның қауымдастығының медресесінде кемінде 20 жасөспірім жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Енді оған кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылып отыр.
Ол ізбасарларын өзінің 12 имамның соңғысы – Мәһдидің бейнесі екеніне сендірген.
Мұның алдында уағызшы Дарын Мубаровтан сұхбат алған журналист Айнұр Асанбердіге айыппұл салынған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
27 қазан 2026