Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Батыс Қазақстанда 77 млн теңге салық бюджетке қайтарылды

kz.kursiv.media

Батыс Қазақстанда 77 млн теңге салық бюджетке қайтарылды

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында прокуратура мемлекеттік бюджетке 77 млн теңге салық төлемін қайтарды, деп жазады Kursiv Media.

Аудан прокуратурасы салық заңнамасының сақталуына жүргізген талдау барысында «J» ЖШС қосылған құн салығының сомасын төмендетіп көрсеткенін анықтады.

Заң бұзу электрондық есеп қағаздарындағы деректерді 300.00 нысанындағы салық есептілігімен салыстыру кезінде белгілі болған.

Сонымен қатар уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзуды жою туралы хабарлама жолдау бойынша тиісті шаралар қабылдамаған.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін заң бұзу жойылып, мемлекеттік бюджетке 77 млн теңге міндетті салық төлемінің түсуі қамтамасыз етілді.

Тағы да оқыңыз: Жалған есеп қағазын жазған: Астана тұрғыны мемлекетке 304 млн теңге қайтарды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар