Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұлттық банк күмәнді сайттарды тексеретін порталды іске қосты

kz.kursiv.media

Ұлттық банк күмәнді сайттарды тексеретін порталды іске қосты

Қазақстан Ұлттық банкіне қарасты ұлттық антифрод-орталығының antifraud.kz сайты іске қосылды. Портал арқылы азаматтар күмәнді сайттар мен инвестициялық компанияларды тексеріп, алаяқтардан қорғану жолдарын біле алады, деп жазады Kursiv Media.

Ұлттық банктің төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті директорының орынбасары Әсем Мадиярованың айтуынша, портал сенімді ақпарат беретін бірыңғай алаңға айналмақ.

«Сайт осы және басқа да мәселеге қатысты сенімді әрі нақты ақпарат беретін бірыңғай алаң болмақ. Порталда алаяқтық схема туралы ақпарат, күмәнді ресурстарды тексеруге арналған анықтамалық және «Фродди» атты жасанды интеллект көмекшісі бар. Сондай-ақ алаяқтыққа тап болған азаматтарға банкке, полицияға немесе 116 байланыс орталығына жүгіну жолдары түсіндіріледі», – деді Мадиярова.

Егер банк шоты бұғатталса, «Фродди» көмекшісі мәселені шешу үшін қай мекемеге хабарласу керегін анықтауға көмектеседі. Алайда Ұлттық банк пен антифрод-орталық шоттарды бұғаттамайды және бұғаттан шығармайды. Қазір антифрод-орталыққа 270 ұйым мен мекеме қосылған, ал тіркелген оқиғалар саны 200 мыңнан асқан.

Алдағы уақытта жүйеге хабарландыру сайттары, маркетплейстер мен криптовалюта қызметтерін ұсынатын ұйымдарды қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар алаяқтықты ертерек анықтау үшін жасанды интеллект технологиялары мен күмәнді телефон нөмірлерін анықтау тетіктері енгізілмек.

Оқи отырыңыз: «Алаяқ» деп танылған шетелдік инвестор: 120 млрд теңгелік жоба неге тоқтай жаздады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар