Шымкентте 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты – 14 адам эвакуацияланды
Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Қонаев даңғылында 12 қабатты тұрғын үйде орналасқан СПА-салонда өрт шықты, деп хабарлайды Kursiv.media.
112 ақпаратына қарағанда, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, ғимараттың жоғарғы қабаттарынан 14 адамды, оның ішінде 9 баланы эвакуациялаған.
«Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт 28 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.
Айта кететін жайт, Астанада тұрғын үй кешенінің автотұрағы өртеніп, 32 адам құтқарылған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
27 қазан 2026