Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өзбекстанмен шекарада жүк көліктеріне жаңа талап енгізіледі

kz.kursiv.media

Өзбекстанмен шекарада жүк көліктеріне жаңа талап енгізіледі

9 қарашадан бастап Өзбекстанмен шекарадағы бекетте электронды кезекке тұру үшін жүк тасымалдаушылар 20 АЕК яғни 86 500 теңге кепілдік төлем енгізуі керек. Егер жүк көлігі белгіленген уақытта шекараға келсе, ақша автоматты түрде қайтарылады деп жазады Kursiv Media.

Жаңа талаптар «Қазығұрт», «Б. Қонысбаев» және «Атамекен» өткізу бекеттерінде енгізіледі. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, кезекке тұрмас бұрын тауар тасымалдайтын жүк көлік иелерінің арнайы электронды шотында қажетті қаражат болуы керек.

«Егер тасымалдаушы 90 күнтізбелік күн ішінде қатарынан екі рет өткізу бекетіне белгіленген уақытта келмесе, кепілдік сомасы қайтарылмайды және мемлекеттік бюджет кірісіне алынады», – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Департамент түсіндіруінше, осындай талап енгізу арқылы шекарада қолдан кезек жасаудың алдын алмақ. Тасымалдаушыларға сапарды жоспарлау кезінде жаңа ережелерді ескеріп, электронды шотты алдын ала толықтыру ұсынылды.

Қазір екі ел шекарасында 11 өткізу пункті бар. Оның сегізі автомобиль, үшеуі теміржол өткізу пункті. Биылғы жылдың тоғыз айда өткізу пункттерінен 650 мыңнан астам жүк көлігі өткізілген.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 4,7 млрд долларға жеткен. Енді осы көрсеткішті 10 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар