Omoda X жаңа кроссовері Қазақстанда шығарылады
ытайдың Omoda бренді жолсыз жерлерде жүруге бейімделген жаңа Omoda X кроссоверін Қазақстанда шығаруды жоспарлап отыр. Автокөлік Алматы маңындағы AMMKZ мультибренд зауытында өндіріледі. Бұл туралы марканың ресми дистрибьюторының өкілдері «КурсивАвтоға» хабарлады.
«Бұл – дизайны жаңартылған, брендтің дамуына жаңа бағыт беретін мүлде жаңа модель. 2028 жылы Omoda X өндірісін Қазақстанда, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында бастауды және көлікті ел нарығына шығаруды жоспарлап отырмыз», – деді Қазақстандағы OMODA және JAECOO брендтерінің дистрибуция директоры Александр Абрамов.
Omoda X концептісінің тұсаукесері Chery компаниясының бас кеңсесі орналасқан Қытайдың Уху қаласында өтті. Жаңа модельдің дизайны Crossvolution стилінде жасалған. Кроссовердің шанақ панельдері бұрышты пішінге ие, жарық шамдары тікбұрышты етіп жасалған. Сондай-ақ көлікке ірі бамперлер мен шанақтың төменгі бөлігін айнала қоршайтын пластик қорғаныш қаптамалары орнатылған.
Кроссовердің ұзындығы – 4 654 мм, ені – 1 920 мм, биіктігі – 1 702 мм. Дөңгелек базасы 2 700 мм, ал клиренсі 200 мм-ге тең. Өндіруші мәліметінше, көлік тереңдігі 700 мм-ге дейінгі судан өте алады.
Omoda X кроссоверінің ерекшеліктерінің бірі – 90 метрге дейінгі қашықтықтағы нысандарды анықтай алатын тепловизорлы түнгі көру жүйесі. Сондай-ақ көлікте жүргізушінің қалауына қарай реттелетін X-MODE режимі қарастырылған.
Салонда диагоналі 10,25 дюйм болатын цифрлық аспаптар панелі және тік орналасқан 13,2 дюймдік орталық экран бар. Климат жүйесі мен қозғалыс режимдерін басқаруға арналған физикалық батырмалар да сақталған. Ал орталық консольде күштік қондырғыны іске қосатын қызыл түйме орналасқан.
Тағы бір ерекше функциясы – микрофонсыз караоке. Open Mic жүйесі дыбысты төрт бөлек аймақ арқылы қабылдайды.
Көліктің күштік қондырғысының техникалық сипаттамалары мен бағасы әзірге жарияланған жоқ. Omoda X қазірше концепт мәртебесінде болғандықтан, сериялық модельдің сипаттамалары таныстырылған нұсқадан өзгеше болуы мүмкін.
Тағы да оқыңыз: Қазақстанда шығарылатын OMODA C5 Plus-тың бағасы белгілі болды
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 27
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
28 қазан 2026