«ҚазАвтоЖол» банктерден 700 млн долларға дейін кредит алады
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Halyk Bank, Банк ЦентрКредит және Еуразиялық банк кіретін қазақстандық банктер синдикатымен 700 млн долларға дейінгі кредиттік келісімге қол қойды. Қаржы 2034 жылға дейін беріледі деп жазады Kursiv Media үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеп.
Қаражат жаңа қарыз алуға емес, «ҚазАвтоЖолдың» Қазақстанның Даму Банкі алдындағы қолданыстағы берешегін қайта қаржыландыруға жұмсалады. Бұған дейін ұлттық компания республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жобаларына осы банктің қаражатын тартқан.
Синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастырушы әрі агент-банк – Halyk Bank. Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, келісім Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық мүмкіндіктерін жаңа инфрақұрылымдық жобаларға бағыттауға жол ашады.
«Бұл жерде сөз жол құрылысына жаңа қарыз алу туралы емес, коммерциялық банктердің қаражаты есебінен ҚДБ алдындағы қолданыстағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру туралы болып отырғаны аса маңызды. Бұл банк секторының инфрақұрылымды қаржыландыруға қатысуын арттырып қана қоймай, даму институтының ресурстарын жаңа жобаларды іске асыруға бағыттауға мүмкіндік береді», – деді вице-премьер.
Оның сөзінше, коммерциялық банктерді жол инфрақұрылымын қаржыландыруға тарту ірі жобалардың мемлекеттік қаржыға тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 27
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
28 қазан 2026