Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызылордада қайтыс болған жасөспірімнің туыстары әділдік сұрайды

kz.kursiv.media

Қызылордада қайтыс болған жасөспірімнің туыстары әділдік сұрайды

Қызылордада кісі қолынан қайтыс болған 14 жастағы жасөспірімнің туыстары әділдік сұрайды. Олардың сөзінше, күдіктілер бұған дейін де марқұмға бірнеше рет тиіскен. «Жетінші арнаға» сілтеме жасаған Kursiv Media осылай деп жазады.

Марқұм- Нұрислам Раушанбектің отбасының шағын кәсібі болған. Сол күні қаладағы орталық алаңға келіп, анасына сауда жасауға көмектескен. Бірақ тура жанында жұмыс істеп тұрған басқа кәсіпкердің қызметкерімен ерегесіп қалады.

«Ол (күдікті – ред.) сол жерде жалданып жұмыс істейтін. Маған өзі келіп, «тәте бұрауышты мен тықтым, полиция шақырмаңызшы» деген. Бірақ артынан екі жігіт келіп, мойнына ұстап, ары қарай алып кетті. Бір-ақ күнде болған жағдай емес. Бұған дейін де бірнеше рет жанжалдасып қалған», – дейд марқұмның анасы Меруерт Таңатова.

Оның сөзінше, көз алдында күдікті келіп, ұлының кеудесінен бұрауышты суырып алған. Нұрисламды ауруханаға апарады, бірақ оны аман сақтап қалу мүмкін болмады.

Жасөспірімнің туыстарының сөзінше, сол маңайдағы басқа кәсіпкерлер бірнеше рет Нұрисламды бопсалап, қорқытқан. Жас баланың мұндай қылмысқа өз бетімен баруы мүмкін емес деген олар оның артында тұрған адамдарды да анықтау қажет дейді. Олар әділдік сұрап, істің ақ-қарасы анық тергелуін сұрайды.

Қазір осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Жасөспірімнің абайсызда адам өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын қасақана келтіруіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар баланы тәрбиелеу міндетін орындамау фактісі бойынша да тергеу басталды. Полиция мәліметінше, кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған.

Күні кеше Қызылордада болған тағы бір қайғылы жағдай туралы жазған едік. Бір топ бала дәмхана маңында 20 жастағы жігітті пышақтап кеткен. Маркұмның туыстарының айтуынша, бұл іске 12 адам қатысты болуы мүмкін. Әзірге полиция үш күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар