Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Испанияда екі жолаушылар пойызы соғысты

kz.kursiv.media

Испанияда екі жолаушылар пойызы соғысты

Испанияның Толедо провинциясында екі жүрдек жолаушылар пойызы соқтығысты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

ABC басылымының ақпаратына қарағанда, апат кезінде 46 адам қаза болған.

Пойыздар Мадридтен Севильяға қарай бір бағытта қозғалып келе жатқан. Пойыздардың бірі алдында тұрған пойыздың артқы бөлігіне соғылып, екі вагон рельстен шығып кеткен. Апаттың нақты себептері әзірге белгісіз.

Соқтығысқан пойыздардың бірі мемлекеттік RENFE компаниясына тиесілі. Оның ішінде 397 жолаушы болған. Екіншісі жеке меншік IRYO компаниясына тиесілі, онда 147 жолаушы отырған.

Испанияның теміржол желісін басқаратын ADIF компаниясының хабарлауынша, Мадрид, Сьюдад-Реаль және Андалусия арасындағы теміржол қатынасы тоқтатылған.

Қаңтар айында Испанияның оңтүстігінде екі жүрдек пойыз соғысқан еді. Жергілікті полицияның мәліметінше, ол кезде 21 адам қаза тауып, 100 адам жараланған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар