Еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтетін тұтас желі құруымыз керек – Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтетін тұтас желі құруды ұсынды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Оның пікірінше, Қазақстанның барлық аймағын байланыстыратын заманауи, өте дамыған теміржол және көлік жолдарының тұтас желісін құруымыз керек. Президент мұны стратегиялық міндет деп атады.
«Еліміз арқылы тасымалданатын жүк көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Демек біздің алдымызда жол инфрақұрылымын жақсарта түсу міндеті әлі де тұр. Бұл, әсіресе, солтүстік аймақтарға қатысты өзекті мәселе», – деді Тоқаев.
Сондықтан енді «Көкшетау – Петропавл» тас жолын кеңейту қолға алынбақ. «Автокөлікпен жүк тасымалдайтын отандық кәсіпкерлерімізге жәрдем көрсету қажет. Себебі Қазақстан арқылы өтетін автокөлік транзитінің жартысынан көбі шетелдіктерге тиесілі», – деп атап өтті президент.
Ондағы мақсат – ел жолдарының әлеуетін нығайтып, азаматтарымыздың табысын арттыру.
Айта кететін жайт, бүгінде жаһандық логистикалық тізбектер қайта құрылып, жүк ағындарының бағыттары өзгеруде. Ал Азия мен Еуропа арасындағы қауіпсіз құрлық бағдарларының рөлі орасан зор артты.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
28 қазан 2026