Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Трамп пен Тоқаев G20 саммитінде екіжақты кездесу өткізеді

kz.kursiv.media

Трамп пен Тоқаев G20 саммитінде екіжақты кездесу өткізеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевпен желтоқсан айында өтетін G20 саммитінде кездесетінін мәлімдеді. Бұл туралы америкалық көшбасшы Республика күніне орай жолдаған құттықтау жеделхатында жазған. Ақорда жеделхаттың толық мәтінін жариялады.

Дональд Трамптың айтуынша, соңғы бір жылда Қазақстан мен АҚШ халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап, екі елге де пайда әкелетін маңызды коммерциялық келісімдерге дейінгі бағыттарда әріптестігін нығайтқан.

Сондай-ақ АҚШ президенті 1991 жылы Қазақстанды егемен мемлекет ретінде алғашқылардың бірі болып емес, ең бірінші болып АҚШ танығанын еске салды. Оның сөзінше, Вашингтонның Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын қолдауға деген ұстанымы өзгермейді.

Трамп Қазақстанның экономикалық жетістіктеріне америкалық компаниялардың қосқан үлесін де атап өтті. Оның айтуынша, бұл компаниялар ел экономикасының дамуына маңызды рөл атқарған және алдағы уақытта да солай бола бермек.

«Қазақстанның таңғаларлық экономикалық табыстарына америкалық компаниялар да зор үлес қосып келеді. Елдеріміз арасындағы берік достық ұзақ жылдарға жалғасатынына сенімдімін. Желтоқсан айында өтетін G20 саммиті аясындағы кездесуді асыға күтемін», – деп жазды Дональд Трамп.

25 қазанда әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік саласындағы жетістіктерін, сондай-ақ елдің халықаралық аренадағы рөлін атап өтті. Қытай төрағасы Си Цзиньпин құттықтауында Қазақстандағы саяси реформаларға, қоғамдық тұрақтылық пен экономиканың орнықты дамуына назар аударды.

Қазақстан президенті мен халыққа құттықтау жолдаған өзге де көшбасшылардың қатарында Шавкат Мирзиёев, Садыр Жапаров, Эмомали Рахмон, Сердар Бердімұхамедов, Режеп Тайип Ердоған, Ильхам Әлиев және Эмманюэль Макрон бар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар