Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Петропавлда стадионды жөндеу кезінде бір жұмысшы қайтыс болды

kz.kursiv.media

Петропавлда стадионды жөндеу кезінде бір жұмысшы қайтыс болды

Петропавлдағы «Жастар» стадионының аумағында биіктен құлаған 24 жастағы жұмысшы ауруханада көз жұмды. Оқиға 23 қазанда болған, ал ер адам 25 қазанда қайтыс болды деп жазады Kursiv Media «Петропавлск News» басылымына сілтеме жасап.

Жұмысшы Сәтбаев көшесіндегі құрылыс нысанында шатырды жөндеп жатқан кезде биіктен құлайды. Ол облыстық көпбейінді ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген.

Дәрігерлер шұғыл ота жасап, науқастың көкбауырын алып тастаған және аш ішегіндегі жарақаттарды тіккен. Сонымен қатар оның бас сүйегі мен бет сүйектері, қабырғалары сынғаны, миы зақымданып, басына қан ұйығаны анықталған. Өкпе маңындағы қуыста да ауа жиналған. Алайда мамандардың күш салғанына қарамастан, науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар