Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Glencore екі айдың ішінде «Қазцинкті» Шахмұрат Мүтәліпке сатуы мүмкін

kz.kursiv.media

Glencore екі айдың ішінде «Қазцинкті» Шахмұрат Мүтәліпке сатуы мүмкін

Швейцариялық Glencore тау-кен өндіру тобы қазақстандық цинк пен алтын өндіруші «Қазцинк» акцияларының бақылау пакетін сату бойынша соңғы шешімді алдағы екі айда қабылдайды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Finmentor Telegram-арнасының дерегіне қарағанда, Glencore компаниясының басшысы Гэри Нэгл Goldman Sachs ұйымдастырған жабық конференцияда отандық инвестормен келіссөздердің жалғасып жатқанын айтты.

Оның сөзінше, мәміле бойынша соңғы шешім 2026 жылдың соңына дейін қабылданады деп күтілуде. Сарапшылардың бағалауынша, активтер пакетінің құны 5 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, тараптар әлі де түпкілікті келісімге келген жоқ.

Әлеуетті сатып алушы ретінде қазақстандық кәсіпкер Шахмұрат Мүтіліптің есімі аталады. Ақпан айында Bloomberg агенттігі де Glencore компаниясы «Қазцинк» ЖШС-ндегі 70 пайыздық үлесін дәл осы кәсіпкерге сатуды талқылап жатқанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ нарықта KazZinc Group Ltd. және Central Asia Resources Holding Ltd. жаңа компанияларының тіркелгені туралы ақпарат тарады.

Сонымен бірге Glencore АҚШ үкіметінің қатысуымен құрылған Orion CMC тобына Конго Демократиялық Республикасындағы активтерінің 40% үлесін сатуды талқылап жатыр. Қарызды есепке алғанда, бұл активтердің құны шамамен 9 млрд долларға бағаланады. Бұдан бөлек, компания өзінің 16% үлесі бар Bunge Global агроөнеркәсіптік тобының капиталынан шығуды көздеп отыр.

Портфельді қайта қарау аясында Glencore 2026 жылдың қорытындысы бойынша сауда операцияларынан 5 млрд доллардан астам пайда табуды жоспарлайды. Бұл – рекордтық 2022 жылдан кейінгі компания тарихындағы екінші ең жоғары көрсеткіш. Нэглдің бағалауынша, 2027 жыл акционерлерге төленетін төлемдер тұрғысынан ерекше табысты болуы мүмкін.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар