2027 жыл Құрылыс жылы болып жарияланды
Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялды деп жазады Kursiv Media.
«Келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынамын.Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге кірісуіміз керек», – деді ол.
Мемлекет басшысы жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастауды тапсырды.
Ал елдімекендерде шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және ғылыми орталықтар бой көтерілетінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында іске асырылатын нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлеуді де тапсырған еді. Келесі жылы ол «Балқаш» АЭС-нің құрылысын бастау керек екенін де айтты.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
28 қазан 2026