Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елде 8 перинаталды орталық пен 9 балалар ауруханасы салынады

kz.kursiv.media

Елде 8 перинаталды орталық пен 9 балалар ауруханасы салынады

Қазақстанда халық санының қарқынды өсуіне байланысты денсаулық сақтау инфрақұрылымын жедел дамыту қолға алынбақ. Осы орайда еліміз бойынша 8 заманауи перинаталды орталық пен 9 көпбейінді балалар медициналық нысанының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.

Қазақстанда жеті миллионға жуық бала бар. Бұл – халқымыздың 34 пайызы. Жыл сайын 330 мыңнан астам сәби дүниеге келеді.

«Елімізде халық саны қарқынды өсуде. Сондықтан денсаулық сақтау инфрақұрылымын жүйелі әрі жедел дамыту – өте маңызды міндет. Біз ауқымды құрылыстың алғашқы кезеңінде еліміз бойынша сегіз заманауи перинаталды орталық салуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей, Ақтау қалаларында жеті көпбейінді балалар ауруханасы, Астанада тағы екі медициналық нысан бой көтереді», – деді президент.

Тоқаев аталған жұмысқа бюджет қаражатымен қатар, жеке капиталды кеңінен тарту керек екенін айтты.

Айтуынша, қолға алынған мемлекет пен жекеменшік серіктестігі жобаларын сәтті жүзеге асыру қажет. Мұндай серіктестік түрі әлеуметтік инфрақұрылымға салынатын жеке инвестиция көлемін ұлғайтуға көмектеседі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар