Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарқынды құрылыс бюджетке салмақ салмай ма?

kz.kursiv.media

Қарқынды құрылыс бюджетке салмақ салмай ма?

Жыл сайынғы жолдауында Тоқаев әлеуметтік жобалар үшін Ұлттық қордан 1,5 трлн теңге алынатынын мәлімдеді. Ол қаржы инфрақұрылымды дамытуға, әлеуметтік салаға жұмсалмақ. Депутат Ерлан Сайыров мұны дұрыс шешім деп есептейді. Бұл туралы Kursiv Media жазады.

«Қазіргі таңда дүниежүзілік инфляция деген ұғым бар. Яғни доллардың өзі инфляцияға ұшырап жатыр. Құнды қағаздардың да бағамы кей кездері төмендеп кетеді. Сондықтан қолда бар қаржыны мемлекеттік ішіне, халықтың әлеуметтік индексін көтеруге салуымыз керек. Президенттің айтып отырғаны осы. Қазақстанның жалпы валюта қоры 130 млрд долларға жетті. Осы қордың біразын халықтың әлеуметтік индексін көруге бағыттау керек», – деді ол жолдаудан кейін өткен брифингте.

«Әділет» партиясы атынан сайланған депутаттың сөзінше, Ұлттық қордың негізі бөлігі болашақ ұрпақ үшін жинала береді. Ал бір бөлігін қазіргі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттау дұрыс шешім.

Президент жолдауында 2029 жыл соңына дейін қордан жалпы 6,5 трлн теңге алынатынын мәлімдеді. Ол қаржыға ел бойынша әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандары салынуы керек.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар